Алматыда Азиаданың 7 баспасөз орталығы бiр уақытта жұмысына кіріседі

АЛМАТЫ. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - /Әділет Мұсахаев/ - 24 қаңтардан бастап Алматыдағы Қысқы Азиада ойындары өтетін спорт нысандарының барлығында 7 баспасөз орталығы бір уақытта жұмысын бастайды.

Алматыда Азиаданың 7 баспасөз орталығы бiр уақытта жұмысына кіріседі

Ал басты орталық Almaty Towers ғимаратында орналасқан. Бұл жайында 7-қысқы Азиада ойындарының әдiстемелiк ұйымдастыру комитеті департаментiнің директоры Нұрлан Нұрғазин мәлім етті.

Оның айтуынша, баспасөз орталығының басты мiндетi 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындары кезінде әрбір тіркелген БАҚ өкілін жедел ақпаратпен қамтамасыз ету.

Сондай-ақ ол Астана мен Алматы қалалары бойынша 1200 орындық 12 баспасөз орталығы жұмыс істейтіндігін айтады. «Басты 2 орталық тәулік бойы қызмет көрсететін болады, қалғандары таңғы сағат 09-дан кешкі 22:00 дейін жұмыс істейді», - дейді Н.Нұрғазин.

Техникалық жағын компьютерлік техниканы жабдықтаушы «Imanali» ЖШС-сі мен «Қазақтелеком» қамтамасыз етеді.