Алматыда Азиялық мультфильмдер фестивалі өтеді

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алдағы жылғы қаңтардың 2-10 күндері аралығында Алматыда Азиялық  мультфильмдердің «Анимация» фестивалі  өтеді, 
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат А2B (Art to be) қоғамдық қорына сілтеме жасап.

Шараға әйгілі «Алғашқы топ» мультфильмінің режиссері Йошихару Асино арнайы келмек. Фестиваль күндері ол 2 күн арнайы шеберлік сыныбын өткізеді. Сондай-ақ оның  «Алғашқы топ» мультфильмі фестиваль шымылдығын ашатын болады. Фестивальда жапондық режиссерлердің "Алғашқы топ. Шындық сәті", "Поньо балық ", "Порко Россо", "Меланхолия Харухи Судзумии", "Гуррен-Лаганн" сынды мультфильмдері көрсетіледі.  ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль биыл үшінші рет өткізіледі.  Конкурс аясында  мультфильм көрсетілімдерімен қатар косплей, караоке, АМВ, фан-арт, фан-фик, манга, фан-дабтан жарыстар да өткізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар