Алматыда азық-түлік инфляциясы 2 есе төмендеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы әкімдігінің инфляцияны бәсеңдету бойынша қабылдаған шаралары оң нәтиже көрсетіп отыр. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев 18 тамыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп беру барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАөпарат тілшісі.
Қала басшысы нарықты қанықтыру және реттеу азық-түлік инфляциясы қарқынын 2023 жылғы қаңтардағы 24,3%-дан 11,7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік бергенін атап өтті.
«Жылдық көрсеткіш - 14,2 пайыз. Ағымдағы инфляция деңгейінің ең маңызды факторлары - биыл жылдың басынан бастап жанар-жағармай бағасының өсуі және 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап «Тарифті инвестицияға айырбастау» саясатын іске асыру болды», – деп атап өтті Алматы әкімі Ерболат Досаев.
Байқалған үрдістерді ескере отырып, 2023 жылдың қорытындысы бойынша мегаполис экономикасының өсуі 5,5% деңгейінде күтіліп отыр.