Алматыда азық-түлік қоры жеткілікті - әкімдік

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 3,5 айға жеткілікті азық түлік қоры бар. Бұл туралы бүгін әкімдікте өткен брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шенеунік қала билігінің азық түлікпен қамтамасыз ету, жалпы бизнес саласын тұрақтандыру бойынша іс шаралары туралы айтып берді.

«Бұл жерде әлеуметтік маңызы бар азық түлікпен қаланы қамту жұмысы қолға алынып жатыр. Жалпы қала тұрғындары айына 72 мың тонна азық түлік тұтынады. Қазір біз тұрақтандыру қоры арқылы 18 мың тонна азық түлік дайындадық. Оның ішінде қант, май, қарақұмық, көкөніс тауық еті тағы басқа азық түліктерді айтуға болады.

Көрші өңірлердің және қала өндірушілерімен келісімшарт жасалып, 3,5 ай ішінде қаланы түгел қамтуға қор жабдықталды. Оның ішінде жеке кәсіпкерлердің сауда жүйелері, логистикалық компанияның қорлары бар», - деді Сапарбек Тұяқбаев.

Оның айтуынша, азық-түлік сататын дүкендердің саудасы 2,5 есе өскен.

«Әлеуметтік желілерде кей ақпарат таралып жатыр. Кеше бүгіннің өзінде азық түлік саласындағы дүкендердің саудасы 2,5 есе өскен. Бұл күнделікті болатын жағдай емес, 1-2 күнде тынышталады. Дегенмен қаланың қоймасында, сауда жүйелерінде 3,5 айға жеткілікті тауар бар. Тапшылық 1-2 сағаттық тапшылық. Өйткені, адамдардың көпшілігі қажеттілігінен де көп тауар сатып алып жатыр. Қазір ол мәселе шешілген. Тиісті тауарлар бәрі дер кезінде жеткізіліп отыр»,- деді Сапарбек Тұяқбаев.


Соңғы жаңалықтар