Алматыда Б. Шүкеновті еске алуға арналған қайырымдылық концерт өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновты еске алуға арналған қайырымдылық концерт өтеді.
None
None

Б. Шүкенов атындағы қоғамдық қордың ресми сайтында мәлім етілгеніндей, қайырымдылық концерт - бұл, өнерде дарынды музыкант, өмірде тамаша адам болған Батырханның рухына тағзым ету, артында қалдырып кеткен музыкалық мұраларымен қауышу болып табылады. Сондай-ақ, көрермендер концертте басқа да халық және классикалық әндерді тыңдайтын болады.

Айта кетелік, сахнада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының көркемөнерпаздар ұжымдары мен солистері өнер көрсетеді.

Концерт 2 сәуірде консерваторияның үлкен концерттік залында өтеді. Басталуы сағат 19:00-де.

Барлық жиналған қаржы қоғамдық қордың шотына аударылады.

Соңғы жаңалықтар