14:21, 26 Мамыр 2016 | GMT +5
Алматыда бағдарға кондиционермен жабдықталған автобустар шығарылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кондиционері бар автобустар жүретін болды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Periscope желісіндегі аккаунтында онлайн трансляция кезінде мәлім болды.

«Дэу» маркілі жаңа автобустар №2 автопаркке беріледі. Көліктер Семей қаласындағы машина жасау зауытында жиналған.
«Қазіргі таңда газбен жүретін 10 автобус жеткізілді. 25-і шілдеде қалаға жетеді. Кейінірек қабылдау-тапсыру актілері жасалып, мемлекеттік нөмір беріледі. Аталған автобустарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдай жасалған. «Оңай» жүйесі енгізіледі», - делінген бейнетрансляцияда.
20 маусым-1 шілдеде ішкі маршруттар 35 автобуспен толықтырылады.