Алматыда бағдаршамдарды қиратудан келген шығын – 72 млн теңгеге жуық

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде 40 бағдаршам істен шықты. Бұл туралы Қала тіршілігін қамтамасыз ету штабынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Штабтың мәліметінше, шығын көлемі шамамен 72 млн теңге.

«Бүлікшілер көбіне бағаналар, кері санау таблосын қиратып тастаған. Сонымен қатар кабельдерге зақым келтірген. Қазір Сейфуллин даңғылы, Момышұлы мен Манас көшелеріндегі бағдаршамдар қайта іске қосылды. Абай даңғылында жүргізіліп жатқан жұмыстар аяқталуға жақын. Гагарин көшесіндегі бағдаршамды қосу мүмкін болмай тұр», - деп хабарлады Қала тіршілігін қамтамасыз ету штабынан.

Сондай-ақ Төле би көшесі бойындағы бағдаршамдарды жөндеу жұмыстары аяқталып, барлығы іске қосылды.


Соңғы жаңалықтар