Алматыда «БАҚ болашағы -Журналистердің қолында» атты алғашқы аймақтық форум өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда «БАҚ болашағы -Журналистердің қолында» атты алғашқы аймақтық форум өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Медиафорумды Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен «Республика» газетінің редакциясы, Қазақстан журналистер Одағы, «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры, «Интерньюс Қазақстан», «Орта Азия мемлекеттеріндегі құқыққорғау білімі мен адам құқығын БАҚ арқылы қорғау» IWPR/EC жобасының негізінде Қазақстандағы Соғыс және бейбітшілікті жариялау жөніндегі институт, MediaNet Халықаралық журналистика орталығы ұйымдастырып отыр. Медиафорумның «Республикалық» үйлестірушісі Ирина Медникованың айтуынша форумның мақсаты - бейресми жағдайда Орталық Азия журналистерінің, оның ішінде ең әуелі қазақстандық журналистердің өзекті мәселелерін талқылап, оларды шешуге арналған ұсыныстарды ойластыруға тырысу. MediaNet Халықаралық журналистика орталығының директоры Игорь Братцевтің айтуынша ақпараттың интернет-кеңістікке ауыса бастауы журналистиканы мультимедиалық бағытты дамып, технологиясын арттыруға мәжбүрлеуде деп санайды. «Сондықтан БАҚ мамандарының бас қосуы - жаңа идеяларды жарыққа шығаруға, оларды қабылдауға, дамытуға және медианарықтың дамуы үшін пайдалануға таптырмас мүмкіндік болып отыр», - дейді ол.

Бес сессия бойынша өтетін форумда Біздің БАҚ қайда барады, Заманауи «жарыста» бәсекеге қабілеттілігін қалай арттыра алады, Мерзімді баспасөз үшін Интернет жақсы ма әлде жаман ба, «Халықтық» журналистика деген не, Ғаламдық тордағы шектеулерден қалай жол тауып, өтуге болады, Журналистер үшін өз-өзіне деген цензура қажет пе, жоқ па деген мәселелер талқылануда.

Соңғы жаңалықтар