Алматыда БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазан айының 29 күні «Спорттық Алматы» жобасы  аясында БАҚ қызметкерлері арасында №2 балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебінде спартакиада өтеді. Қатысушылар шағын футболдан, арқан тартудан, шахматтан, гір көтеруден, армрестлингтен және үстел теннисінен сайысқа түседі, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің спорт басқармасынан.
None
None

Спорттық шара БАҚ қызметкерлерін дене шынықтыру мен спортқа қызықтыру, аталған спорт түрлерін елге таныту, қала тұрғындарының физикалық дайындығын арттыру, салауатты өмір салтын БАҚ өкілдері арасында насихаттау мақсатында өткізіледі.

Айта кетер жайт, «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы алып шаһардағы спорттың дамуына және белсенді тынығуға бағытталған. Жоба осы атаумен алдыңғы жылы басталып, бүгінде қала тұрғындарын түрлі спорттық шаралармен қуантып келеді.

Соңғы жаңалықтар