17:22, 21 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Алматыда БАҚ-тың әлеуметтік жауапкершілігі туралы семинар өтеді
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 21-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда қыркүйектің 24-і күні журналистерге арналған БАҚ-тың әлеуметтік жауапкершілігі туралы семинар өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы Ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік маңызды лоты аясында өтетін бұл шараны «Парасатты еңбек етуші әйелдер» қоғамдық бірлестігі мен Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлтық университетінің журналистика факультетінің ЮНЕСКО кафедрасы бірлесіп өткізуде. Семинар жұмысныа филология ғылымының докторы, профессор Шарбан Нұрғожина жетекшілік жасамақ. Оған журналистер мен қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысады деп жоспарланып отыр. Бұл шара кезінде оларға әлеуметтік журналистиканы дамытудың негізгі ағымдарымен және қазақстандық басылымдарда әлеуметтік мәселелердің жазылуымен жақынырақ танысуға жағдай жасалады.