Алматыда «Бақытты отбасы» орталықтары волонтерлерімен бірлесе жұмыс істемек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Бақытты отбасы» орталықтары волонтерлерімен бірігіп әлеуметтік көмек алушылардың қатарын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы баспасөз мәслихатында орталық жетекшісі Зульфия Байсақова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда «Бақытты отбасы» орталықтары волонтерлерімен бірлесе жұмыс істемек

Биылдан бастап аудан орталықтары жаңа жұмыс форматын бастайды. Негізгі мақсаты-өмірлік қиын жағдайларда жүрген отбасыларды анықтау, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, балаларға арналған түрлі курстардың жұмысын ілгерілету, жұмысқа орналасуға ықпал ету, волонтерлер лигасымен ынтымақтастық орнату.

«Бақытты отбасы» — бұл көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға ғана арналған орталық емес. Біз мақсатты топты кеңейткіміз келеді, сондықтан «Nur Otan» жастар қанатының волонтерлерін жұмылдырып, олармен бірге отбасыларды анықтау бойынша кең көлемді акциялар өткізуді жоспарлап отырмыз», — деді қалалық «Бақытты отбасы» орталығының жетекшісі Зульфия Байсақова.

Сонымен қатар, Наурызбай аудандық орталығының басшысы Жандай Сана еріктілерді тартудың маңыздылығын атап өтті.

«2020 жыл Қазақстанда еріктілер жылы болып жарияланды. Біздің жұмысымызда волонтерлердің көмегі өте маңызды. Наурызбай ауданында «Волонтерлар лигасымен» келісім бар, сондықтан олар біздің жобаға өз үлестерін қосады»,– деді баспасөз мәслихаты барысында Жандай Сана.

Сондай-ақ ол жоғары оқу орындарының студенттері мен «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» түлектері де , балаларды оқытуға көмектесуге ниетті тілге тиек етті.