Алматыда «Бақытты отбасы» орталықтарында 15 мың адам тұрақты қолдау алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Бақытты отбасы» орталықтарында 15 мың адам тұрақты қолдау алды. Бұл туралы қалалық орталық жетекшісі Зүлфия Байсақова онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда «Бақытты отбасы» орталықтарында 15 мың адам тұрақты қолдау алды

Орталықтың мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың өмір сапасын арттыру, олардың экономикалық дербестігін нығайту және Алматы қаласында тұратын азаматтардың қиын өмірлік жағдайлардан шығуларына жеке мотивация беру.

«15 мыңнан астам адам тұрақты қолдау алады. Қаржылық мүмкіндіктер әйелдер мен отбасылардың жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Біз күн сайын ақпаратты қарап, атаулы әлеуметтік көмек тағайындайтын Әлеуметтік әл-басқармасына жіберіп отырамыз. Атаулы әлеуметтік көмекті өмірлік қиын жағдайға тап болған және осы бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін кез келген отбасы ала алады», - деп атап өтті З.Байсакова.

Орталықтарда әртүрлі форматты көмек көрсетіледі. Бүгінде орталықтарға 33 мыңнан астам адам тіркелген. 54 мың адамға көмек көрсетілді - бұл ақпараттық-консультациялық, ресурстық қолдау, 29 мыңнан астам - әдістемелік және заң көмегі, 4 мыңнан астам адам ана мен балаға арналған салауатты өмір салты кабинетінің жұмысымен қамтамасыз етілді. Орталықтың негізгі тренингтерінен 29 мың адам өтті.

Аталған орталықтарда көпбалалы және аз қамтылған отбасылар тегін кеңес ала алады:

–Тұрғын үй қатынастары, АӘК рәсімдеу, құжаттарды, алименттерді қалпына келтіру және т.б. мәселелер бойынша заңгерлерден;

– Бала тәрбиесі мәселесі, тренингтер өткізу, өмірлік қиын жағдайлардан шығу, отбасы ішіндегі ұрыс-керістер және т.б. бойынша психологтардың кеңесі;

– Отбасы талабын анықтау және жұмыстың жеке жоспарын құру бойынша әлеуметтік қызметкердің;

– 2 айлық баладан бастап, 5 жасқа дейінгі балаларды қабылдап, балалардың денсаулығына байланысты жиі кездесетін проблемаларға (диарея, безгек, құлақ және тамаққа қатысты қиындықтар және т.б.) байланысты алдын алу әңгімелесулер жүргізетін жоғары санатты педаиатрдың көмегін ала алады.

Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» орталықтарында ағылшын тілін үйрену, визаж, массаж, шаштараз ісі, пішу және тігу, гимнастика, аспаз, тоқу, сөмкелер тігу, компьютерлік курстар, сондай-ақ арт-терапия, гимнастика, математика және логика, шахмат, ағылшын тілі, тоқу, логопед курстары өтеді.

Сондай-ақ, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар онлайн немесе телефон арқылы заңгер, психолог, үйлестіруші және HR-менеджерлерден кеңес ала алады. Аналар мен балаларға арналған мастер-класстар, оқыту курстары WhatsApp мессенджерлерінде және Instagram әлеуметтік желісінде тікелей трансляция арқылы онлайн өткізіледі.