Алматыда балабақша кезегінде 18 мың бала тұр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда балабақша кезегінде 18 мың бүлдіршін тұр. Бұл туралы қала басшысы Бақытжан Сағынтаев «Алматының білім болашағы: жаңа жағдайдағы перспективалық шешімдер» форумында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бақытжан Сағынтаев «Алматының білім болашағы: жаңа жағдайдағы перспективалық шешімдер» форумында мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығын шешу мақсатында 2020 жылдың басынан бері 670 орынды төрт мемлекеттік бөбекжайлардың пайдалануға берілгенін айтты. Ағымдағы жылдың соңына дейін бір мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталады және 520 орынды тағы үш жаңа балабақшаның құрылысы басталады.

Қалада 361 жеке балабақшаларға 17,5 орынды мемлекеттік білім тапсырыс берілген. Дегенмен, орын тапшылығы азаймай тұр. Өйткені, ата-аналар балаларын жеке бала бақшалардағыдай қосымша төлемді қажет етпейтін мемлекеттік балабақшаларға бергілері келеді.

«Балаларды мектеп жасына дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту үшін біз Үкіметке жеке балабақшалардағы қосымша қызметтерге ата-аналардың ақы төлеуін жартылай жою жөнінде ұсыныс жасаған едік. Біздің бұл ұсынысымыз қолдау тапты, осы мақсат үшін жергілікті бюджеттен шамамен 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінетін болады», – деді Б. Сағынтаев.

Осы оң шараның қолға алынуы арқасында жеке балабақшаларда қосымша 5 мыңға жуын орын ашылады деп күтілуде. Қалада 893 мектеп жасына дейінгі мекемелер жұмыс істейді, олардың 189 (21,2%) мемлекеттік, 704 (78,8% жеке балабақшалар. Бүгінгі күні 3 жастан 6 жасқа дейінгі 18 мыңнан астам бала кезекте тұр.

2021 жылы жобалық қуаттылығы 2 590 орын болатын 13мектепке дейінгі мекемені пайлануға беру жоспарланған. Ғимараттарды қайтару және оларды қайта қалпына келтіру арқылы қосымша 2200 орын ашылатын болады. Осылайша, 2020-2021 жылдары барлығы 12790 орын құрылады, ал бұл бала бақша кезегін 70%-ға төмендетеді.


Соңғы жаңалықтар