Алматыда балабақшаларға кезекке тұрғызылған балалардың саны 10 мыңнан асты - Б. Байбек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек дәстүрлі тамыз педагогикалық кеңесі барысында қаладағы балабақшаларға кезекке тұрғызылған балалар санының 10 мыңнан асқандығын мәлімдеді.

Алматыда балабақшаларға кезекке тұрғызылған балалардың саны 10 мыңнан асты - Б. Байбек

«Алматыда қазір мынадай үрдіс байқалуда. Бала бақшаларға биыл 6,5 мыңнан астам бала қабылданды. Дейтұрғанмен, соңғы уақытта балабақшаларға кезекке тұрғызылған балалардың саны - 10 мыңнан асты. Неге десеңіздер, адамдар бұған дейін балаларын балабақшаға орналастыруға қол жеткізуге болатындығына сенбейтін. Содан да кезекке тұрмайтын. Мінеки, енді балабақшалар көбейген сайын, жаңа отбасылар да көптеп құрылатын болады», - деді әкім.     

Сонымен қатар, ол қалада мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жүйесінің дамып жатқандығын баса айтты.

«Қаладағы үлкен коттедждерде балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Мұның барлығы бала бақшалардағы орын тапшылығын қысқартуға мүмкіндік береді», - деді қала әкімі.