Алматыда балалар арасында дуатлоннан ашық чемпионат өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маусымның 18-і күні "Спортт­ық Алматы" қалалық бағдарламасының аясында Тұңғыш Президент  саябағында балалар арасында дуатлоннан ашық чемпионат өтеді.
None
None

Дуатлон - жүгіру, велоспорт, содан соң тағы да бір жүгіру кезеңін қамтитын, триатлонға ұқсас спорт түрі. Дуатлон әлемдік деңгейде Халықаралық триатлон одағымен бақыланады (ITU).

Жарыстар төрт жастық санат бойынша қыздар мен ұлдар арасында өткізіледі. Айтулы дода жастық санатқа байланысты бірнеше қашықтықты қамтиды. Ең бірінші болып кіші топ - 2011-2012 жылдары туған жеткіншектер жарысты бастайды (сағат 10:00-де, 200-700-200 мет­р). Ал содан соң, 2009-2­010 жыл аралығында туған балалар  (500-1100-500 м), олардан кейін 2007-2008 жылғылар (700-1100-700 м) және  2004-2006 жылғы (1100-1900-1100 м) қатысушылар жарыс жолына шығады.
null

Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер тек ата-анасының немесе жеке қамқоршысының рұқсат қағазымен ғана жарыстарға қатыса алады. Олар балаларды жеке алып жүруі тиіс.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота мен дипломдармен марапатталады, сонымен қатар оларға ұйымдастырушылар атынан сыйлықтар табысталады. Бұл спорттық шараның демеушілері: "KANGO" секіру саябағы, "Hawaii" аквапаркі, "NOMAD" футзал академиясы және "Advance" интеллектуалды даму орталығы.

Аталмыш доданың басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, қала тұрғындарын күнделікті дене шынықтыру мен спорт жаттығуларына қызықтыру, дуатлонды елге таныту, сондай-ақ, еліміздің үздік дуатлеттерін анықтау, олардың шеберліктерін арттыру.

Айта кетсек, Алматы қаласының үшінші чемпионатында барлық қатысамын деушілер бақ сынаса алады. Ол үшін, "Сп­орттық Алматы" www.sporttykalmaty.kz сайтына тіркелу қажет.

"Спорттык Алматы" жобасы алып шаһарда бұқаралық спорттың дамуына, белсенді тынығуды насихаттауға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар