Алматыда балалар арасында дуатлоннан ашық чемпионат өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін "Спорттық Алматы" жобасы аясында Тұңғыш Президент саябағында балалар арасында дуатлоннан ашық біріншілік өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда балалар арасында дуатлоннан ашық чемпионат өтті

Төрт жас санатындағы 300-ге жуық бала əр қашықтықта кіл мықтыны анықтады.

 Жарысты бірінші болып 5-6 жастағы бүлдіршіндер бастады (200-700-200 метр). Ал содан соң,  8-9 жастағылар  500-1100-500 м қашықтықты,  9-10 жастағы балалар  700-1100-700 м қашықтықты, 11-12 жастағылар 1100-1900-1100 м қашықтықты бағындырды.

"Бүгінгі жарыстарға қызым да, ұлым да қатысты. Алена Кульчева (4 жас) және Егор Кульчев (6 лет). Біз екінші мәрте қатысып жатырмыз. Өткен жылы Алена кішкентай болғанымен, мәреде соңғылардың қатарында болған жоқ. Осы жылы да жақсы әсер алып, балаларды спортқа қызықтыру мақсатымен келдік. Ұлым бірінші болып келсе, қызым қоланы олжалады. Бір жыл бойы осы спорттық мерекені күттік. Күн сайын жарысқа дайындалдық, әсіресе, соңғы аптада. Олар күнделікті велосипед айдайды, сондықтан, оларға жарыс оңай берілді десем болады. Біз өзіміз спортпен шұғылданамыз, балаларды да қазақтыруға тырысып жатырмыз",-деді Наталья Качалова.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота мен дипломдармен марапатталды. Кішкентай спортшыларға  ұйымдастырушылар  атынан сыйлықтар табысталды.

"Мен бірінші болып келдім. Онымен қоса, қарсыластарымды үлкен уақыт айырмасымен озып шықтым. Жасым тоғызда. Жарыс маған өте ұнады, әсіресе, сыйлықтар. Алайда, маған жеңіс қиын берілді. Велосипедпен жүріп өту оңай болса, жүгіру қиынға соқты. Өзім жүзу мен бессайыспен айналысамын. Осымен екінші рет бақ сынап, екі мәрте жеңімпаз атандым. Менің басты мақсатым футзал академиясы мен батут орталығына сертификат жеңу болды",- деді Артемий Кузнецов.

Доданың басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, қала тұрғындарын күнделікті дене шынықтыру мен спорт жаттығуларына қызықтыру, дуатлонды елге таныту, сондай-ақ, еліміздің үздік дуатлеттерін анықтау, олардың шеберліктерін арттыру болып табылады.

2004-2006 жж.

Ұлдар:

I - Рамиль Аxмадышев

II - Александр Тяттэ

III - Платон Линник

Қыздар:

I - София Линник

II - Александра Троицкая

III - Снежана Косолапова

2007-2008 жж.

Ұлдар:

I - Артемий Кузнецов

II - Мұса Жұмағал

III - Асыржан Әсембай

Қыздар:

I - Софи Иглинская

II - Аклима Ибжарова

III - Даяна Кубиева

2009-2010 жж.

Ұлдар:

I - Әмір Бақытжан

II - Алдияр Сапарғали

III - Алексей Стребков

Қыздар:

I - Влада Дьякова

II - Айя Муттари

III - Айзере Аxметжан

2011-2012 жж.

Ұлдар:

I - Егор Кульчев

II - Самат Нұрбеков

III - Артем Тельва

Қыздар:

I - Алиса Троицкая

II - Валерия Оконешникова

III - Алена Кульчева