Алматыда балалар ауруханасында 2 оттегі стансасы ашылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда балалар ауруханасында 2 оттегі стансасы ашылады. Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин онлайн брифинг барысында осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда балалар ауруханасында 2 оттегі стансасы ашылады

Алматыда балалар ауруханасының COVID-19 індетіне қарсы жабдықталуы жайлы онлайн брифинг өтті.

Ержан Сералиннің айтуынша, қазір ауруханада көлемі 8 литр болатын 25 оттегі концентраторы бар.

«Келесі айда әкімдіктің көмегімен 125 концентратор жеткізіледі. Сонымен қатар, екі оттегі стансасы салынады. Бұл біздің барлық ауруханамызды қамтуға мүмкіндік береді», - деді ол.

Аурухананың жансақтау бөлімінде 12 төсек бар. Барлық орын ӨЖЖ аппаратымен қамтылған.

«Болашақта тағы 6 аппарат сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, респираторлық қолдауға мұқтаж пациенттер үшін әрбір палатада оттегі нүктелері бар, қосымша жылжымалы оттегі аппараттарын пайдаланамыз, барлық пациенттер тиісті деңгейде қамтамасыз етілген», - деді ол.


Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті
Ұқсас жаңалықтар

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті