Алматыда балалар кітабының әлемдік күні аталып өтіледі

АЛМАТЫ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Сәуірдің 2-сі әлемге әйгілі Ханс Кристиан Андерсеннің туған күні - Бүкіләлемдік балалар кітабының күні ретінде аталып өтіледі. Биылғы жылы бұл күн Алматыда да аталып өтілетін болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараның басты ұйымдастырушысы С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы. Бұл күні кітапханада қазақ тілінде «Алтын әбдіре», орыс тілінде «Кім? Қайда? Қашан?» деген тақырыпта ойын шаралары өткізіледі.Кітапхана өкілдерінің айтуынша, бұл күн әлемнің көптеген елдерінде кеңінен аталып өтіледі. Онда жазушылармен, кітап безендірушілермен кездесулер, фестивальдар, конференциялар өткізіледі. «Бұл күн дәстүрге енгізіліп, енді біздің елімізде де кеңінен аталып өтілетін болады», дейді кітапхана өкілдері.

Соңғы жаңалықтар