Алматыда балалар құқығына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Алматы әкімдігінде «Балалық шақты қорғау: ахуалы, стратегиясы, жүзеге асыру жолдары» атты орталықазиялық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр,

Алматыда балалар құқығына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Шараны қалалық Балалардың құқығын қорғау департаменті мен «Қазақстан дағдарыс орталықтарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, конференцияның мақсаты Еуразия елдерінде балалардың болашағы үшін қолайлы саясатты дамытуға және осы бағытта арнайы стратегия қабылдауға ықпал ету. Шараға ҚР Парламенті мен қалалық мәслихат депутаттары, Орталық Азия елдерінің және бірқатар мемлекеттік комиссиялардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда. Отырыста балалар мен отбасы саясатын дамыту жолдары, балалар мен жастарға арналған сенім телефондары, ақпараттық ортаны дамыту тақырыптары талқылануда. Ертеңге дейін жалғасатын отырыс қатысушылары балалар мен жастар құқығын қорғайтын үкіметтік емес ұйымдар жұмысымен танысып, шеберлік сыныптарын өткізбек.