Алматыда балалар лигасындағы командалар арасында Қазақстан чемпионаты өтті - Жағажай волейболы
АЛМАТЫ. 24 шілде. ҚазАқпарат - Алматыда жағажай волейболынан Балалар лигасындағы командалар арасында Қазақстан чемпионаты өтті.
Онда 1999-2000 жылы туған қыздар арасында 1-2 орынды алматылық «Ветерок КДЮСШ-3» пен «Академия волейбол-2» командалары өзара бөліссе, талғарлықтар («Талгарочка-2») қола жүлдегер атанды. Балалар арасында Шымкенттің «ОҚО-2» мен «ОҚО-1» командалары 1, 3 орындарды еншіледі, алматылық «Искра КДЮСШ-3» күміс жүлдені иеленді. 1997-1998 жылғы жасөспірімдер арасында Алматы облысының «Қараой» (қыздар) мен «Қараой-2» (ұлдар) командалары қарсылас шақ келтірмеді. Алматы қаласының«Академия волейбол-1» мен «Алматиночка» командалары - қыздар, Шымкенттің «ОҚО-2» мен «ОҚО-1» командалары ұлдар арасында 2-3 орындарды өзара бөлісті. Ал 1995-1996 жылғы бойжеткендер арасында Талдықорғанның «Жетісуы» чемпион болса, Шымкенттің «ОҚО» мен Талғардың «Талгарочкасы» 2-3-ші орындарға табан тіреді. Ал, бозбалалар арасында алматылықтар («ШВСМ-1-Интнернат») бірінші, Алматы облысы («Қараой-1») екінші, шымкенттіктер («ОҚО-1») үшінші орын алды.