Алматыда балалар мен жасөспірімдер арасында таэквандодан (WTF) қалааралық ашық біріншілік өтіп жатыр

АТЫ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда ҚР-ның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы мен Мұстафа Өзтүрікті еске алу құрметіне арналған балалар мен жасөспірімдер арасында таэквандодан (WTF) қалааралық ашық біріншілік сайысы өтіп жатыр.

Алматыда  балалар мен жасөспірімдер арасында таэквандодан (WTF) қалааралық ашық біріншілік  өтіп жатыр

Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Дәурен Мұхамеджановтың айтуынша, қазіргі таңда салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру мәселесі жалпы бұқаралық мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтардың біріне айналып отыр. "Өмірлік тәжірибесі жоқ жастар өз денсаулықтарына немқұрайлы қарайды. Бұл жағдай салауатты өмір салтына, тәрбиеге көңіл бөлу жоспарына аса назар аударуды қажет етеді. Сондықтан мұндай шараларды жастар арасында жиі өткізіп тұруды алға қойып отырмыз", - дейді Д.Мұхамеджанов.

Жалпы он бес команда қатысып отырған біріншілік 5 желтоқсанға дейін жалғасады.