Алматыда балалар шығармашылығының көрмесі ашылды
АЛМАТЫ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Орталық көрме залында қазақтың халық ақыны, жырау Нұрпейіс Байғаниннің 150 жылдығына арналған «Қазақ эпосының ғажайып әлемі» атты балалар шығармашылығының көрмесі ашылды.
Көрмеге 5 пен 15 жас аралығындағы бүлдіршіндердің жырау шығармашылығындағы көріністер бойынша салынған суреттері мен қолдан тігілген бұйымдары қойылған. Онда негізінен кескіндеме, графика, керамика, батик, ши және тұскілемдер бар.
Көрме қараша айының 10-ына дейін жалғасады.