Алматыда балалар шығармашылығының «Мейірім» атты қалалық конкурсы өтеді
АЛМАТЫ. Мамырдың 10-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - мамырдың 12-13-і күндері Алматыдағы Оқушылар Сарайында Алматы қаласының әлеуметтік мекемелері мен қосымша білімді ұйымдастырушылары арасында балалар шығармашылығының «Мейірім» атты қалалық конкурсы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Байқауды Алматы қаласының Балалар құқығын қорғау департаменті, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Отбасы және гендерлік саясат жөніндегі комиссия, М. Оспанов атындағы қоғамдық қор, «ИРЦ», «Бай- Бол» қоғамдық қорлары, «Бозторғай» ДМК бірлесіп ұйымдастырып отыр.