Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілері коньки тебуді үйренеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 20 желтоқсаннан бастап Алматы әкімдігінің қолдауымен қаладағы әлеуметтік мұз айдындарында балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін тегін үйрену науқаны басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл шараның мақсаты - жас ұрпақты спортқа баулу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, нұсқаушылар 10-15 жас аралығындағы балаларға коньки тебуді үйретпек. Арасында ыстық шәй беріледі. Балаларға Жаңа жыл қарсаңында сыйлықтар да қарастырылған.

Бұл науқан мұз айдындары жұмыс істеп тұрғанға дейін жалғаса бермек. Барлығы 80-нен астам бала коньки тебуді үйренеді.
Еске салайық, осы маусымда қалада коньки тебу үшін төрт алаң ұйымдастырылған. Олардың үшеуі - Тұңғыш Президент паркінде, 28 панфиловшылар саябағында және Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында, төртіншісі – Түріксіб ауданындағы «MART» СО алдындағы алаңда орналасқан.




Еламан Тұрысбеков