Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған ашық есік күндері өтті

МАТЫ. 19 қазан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыдағы ҚР Тұңғыш Президенті қорында аталмыш қор кітапханасының ұйымдастыруымен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Ғажайып ел кітабы» атты ашық есік күндері өтті.

Алматыда  балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған  ашық есік күндері өтті

Оған қалалық және Алматы облысының арнайы мектеп интернаттарының және балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ «ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» мемлекеттік мекемесінің және балалар үйлері кітапханаларының өкілдері қатысты.

Шара аясында Тұңғыш Президент қоры соңғы екі жылда шығарған кітаптарды барлық ашық есік күніне қатысушыларға тарту етті.

«Қор алғаш рет балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ашық есік күндерін өткізіп отыр. Бүгінгі шара балаларды кітап оқуға тарту, кітапқа деген сүйіспеншілікті ояту және жас буын арасында патриоттық рухты қалыптастыру мақсатында арнайы ұйымдастырылды»,-деді шараның ұйымдастырушылары.

Шара барысында ҚР Тұңғыш Президенті қоры мен «ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» мемлекеттік мекемесі ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Ал балалар Тұңғыш Президенті қоры кітапханасының оқу залымен және ақпараттық ресурстарымен танысты. Сонымен қатар, олар үшін «Интеллектуалды павильонға» арнайы экскурсия ұйымдастырылды.