Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Көліктер 3» мультфильмі көрсетілмек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Болашақ» қауымдастығының өкілдері Алматыда 10 шілде күні Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін арнайы қайырымдылық шарасын ұйымдастырмақ. Оның аясында «Көліктер 3» мультфильмі тегін көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Болашақ» қауымдастығының өкілі Нұрсұлтан Арыстанбаевтың сөзіне сілтеме жасай отырып.

Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Көліктер 3» мультфильмі көрсетілмек

Нұрсұлтан Арыстанбаевтың айтуынша, аталмы\ш туындыны балалар «Kinopark 4 Globus» кинотеатрынан тамашалайтын болады. Бұл шара балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін тосынсый болмақ. Мультфильм тамашалағаннан кейін балаларға дастархан жайылып, тәтті тағамдар таратылады. 

«Көліктер 3» мультфильмі қазақ тіліне аударылып отырған жиырмасыншы туынды. 2011 жылы голливуд туындыларын қазақ тіліне аудару дәл осы «Көліктер 2» анимациялық фильмінен басталған болатын», - дейді Н.Арыстанбаев.

Голливуд фильмдерін қазақ тіліне аудару идеясын «Болашақ» қауымдастығы Кеңесенің құрметті мүшесі, Алматы әкімі Бауыржан Байбек ұсынған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін, «AraiMediaGroup» студиясы «Disney» және «Pixar» өнімі жаңа анимациялық «Көліктер-3» мультфильмінің дубляж жұмыстары аяқталғанын, аударма жұмыстарына 100 адам қатысқанын хабарлаған болатын.