12:30, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған шара өтті
АЛМАТЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы және №15 емхана ұжымының ұйымдастыруымен балалар күніне арналған шара өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Шара аясында "Ашық есік күні" өткізіліп, алғаш келуші 10 балаға Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының сыйлықтары тапсырылды.«Біздің дәрігерлік жүйеде балаларға жыл он екі ай есік ашық. Дәрігерлер әр баланың туған күнінен бастап, 1-ші айда 4-6 рет үйінде болады. 1 жасқа дейін кем дегенде 12 рет қараймыз. Тағы бір айтатын жайт, күніне 500 сырқатты қараймыз, оның 350-400-і - балалар. Осы ауруханаға қарасты аумақта 12 мың адам бар. Оның ішінде 1200-1300-ге жуығы - 1-15 жас аралығындағылар. Бізде жұмыс істейтін 60 дәрігердің 12-сі - бала дәрігері. Баланың денсаулығы дұрыс болса, қоғамның да жағдайы жақсы болмақ. Сондықтан бүгінгі атаулы күні бар балаға денсаулық тілейміз», - дейді №15 қалалық емхананың бас дәрігері, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі Елшат Тілекеев.