Алматыда балаларды шетелге оқуға жіберетін орталықтың директоры алаяқтықпен айналысқан

Алматы. ҚазАқпарат - Алмалы аудандық тергеу бөлімі Алматыдағы жекеменшік оқу орталығының директорына қатысты істі тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«40 жастағы әйел 1 жылдан аса уақыттан бері алаяқтықпен айналысқан. Ол абитуриенттерді шетелге оқуға жіберем деп оқу ақысын жымқырып отырған. Бұл қызметін ол интернет арқылы жарнамалап келген. Абитуриенттердің ата-анасына «балаларың оқуға түсті» деп жалған құжат көрсеткен. Әзірге материалдық шығын 2 млн теңгеден басталады. Полицияға 7 адамнан шағым түскен», – дейді полиция бөлімінің басшысы Есен Ысқақов.

Қазір оған қатысты ҚР ҚК 190-бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар