Алматыда балалардың жазғы демалыстарын ұйымдастыруға 86,5 млн. теңге бөлінді

АЛМАТЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат – Алматыда биылғы жылы балалардың жазғы демалыстарын ұйымдастыруға 86,5 млн. теңге бөлінді, бюджеттік қаражат есебінен 2 740 жетім бала - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ оқу озаттары демалады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Білім беру басқармасына сілтеме жасап.Алматы қаласы әкімінің «2009 жылғы жазғы кезеңде қала балалары мен жасөспірімдерінің демалысын, сауықтыруды және еңбекпен қамтуды ұйымдастыру шаралары туралы» өкіміне сәйкес мектеп жанындағы лагерлерде және «Огонек» және «Спутник» қала сыртындағы сауықтыру лагерлерінде балалар мен жасөспірімдерінің жазғы демалыстарын даярлауға және ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүргізілді.
Соңғы жаңалықтар