Алматыда балаларға арналған Онкогематологиялық орталық ашылды - С. Қайырбекова

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Алматыда Педиатрия орталығының негізінде Онкогематологиялық орталық ашылды.

Алматыда балаларға арналған Онкогематологиялық орталық ашылды - С. Қайырбекова

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің селекторлық кеңесінде ведомство басшысы Салидат Қайырбекова мәлім етті.

Оның айтуынша, заманауи медициналық техникалармен жарақталған орталық онкогемотологиялық дертке шалдыққан балаларға ота жасауға мүмкіндік береді. Бұрындары мұндай ота Қазақстанда жасалмай келген болатын.

«Бүгін Алматыда біздің елде онкогематологиялық дертке шалдыққан балаларды емдеуге арналған арнайы орталық ашылды. Біз аталмыш орталықтың ашылуын бұрыннан асыға күтіп жүрдік. Біз бұл орталықтың негізінде өте жоғары технологияларды қолданатын боламыз», - деп атап өтті министр.