Алматыда «Балаларға қуаныш сыйла» атты акция өтеді

АЛМАТЫ. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда қараша айының 26-сы күні «Da Freak Club»  түнгі клубында «Балаларға қуаныш сыйла» атты қалалық қайырымдылық акциясы  өтеді,

Алматыда «Балаларға қуаныш сыйла» атты акция өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының және Алматы экономика және құқық колледжінің, сонымен қатар қайырымдылық қоғам еріктілерінің бірігіп  ұйымдастыруымен өткізілмек.

Акцияға  ЖОО-ның студенттері, Алматы қаласының жастары, еліміздің эстрада жұлдыздары, барлығы шамамен  600-дей  адам қатысады деп жоспарлануда. Барлық кіру  билет сатылымдарынан түскен қаржылар мүгедек балалардың ата-аналарының қауымдастығына ми, сал ауруымен ауырып жүрген балаларға   қажетті дәрі-дәрмектер алу үшін берілетін болады.

Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының студенттері жыл сайын балалар үшін қан жинау донорлық акциясын, лейкемия ауруымен ауыратын балаларға арналған акцияны, жетім балалар үйінде тәрбие алушы балаларға арнап жаңа жылдық мерекелерді және тағы да басқа осы сияқты қайырымдылық шараларды өткізіп тұрады.