Алматыда «Балаларға өмір сыйла» атты қайырымдылық концерт өтеді
«Unity KZ» ерікті тобының бастамасымен және «Милосердие» ерікті қоғам" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтіп отырған концертке Айгүл Бабаева, Әлішер Карімов, FM, SAHAR, Орда, NG және Дауыс international топтарымен қатар Soulнышко би тобы сындыҚазақстан эстрадасы жұлдыздары қатысады. Концерттен түскен бар қаражат шетелде емделуді қажет ететін баларға көмек ретінде берілмек.
«Балаларға өмір сыйла» шарасы барысында Қазақстанның барлық аймақтары бойынша әр түрлі аурумен науқастанған 250 балаға көмек көрсетілді. 1 371 942 АҚШ доллары жиналған. Бұл қаражаттың барлығы қазақстандық азаматтар мен мекемелер тарапынан жиналған. Науқастардың өмірі ақша күшімен жасалатын операцияға тәуелді екенін және қоғам тарапынан қолдауға мұқтаждығын ескерген халқымыз әр істе қол ұшын соза білетін жомарттығын тағы танытқан.
«Балаларға өмір сыйла» шарасы аясында еліміздің кез-келген азаматы балаларға шын көңілден қамқорлық көрсете алатынына сенеміз дейді шараны ұйымдастырушылар.