Алматыда балаларын өлтірмек болған әйелге қатысты тергеу жүріп жатыр – полиция

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда өз балаларын өлтіруге әрекеттенген әйелге қатысты істің мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Facebook қолданушысы парақшасында өз балаларын өлтіруге әрекет жасаған әйел туралы жазба жариялады.

Жазбада айтылғандай әйелдің өз балаларына шабуыл жасауы бұған дейін де болған. Балаларды жақын маңда кетіп бара жатқан адамдар құтқарып қалыпты.

Сондай-ақ, желідегі жазбада балалардың әкесі жақсы адам екені және өз балаларына қастандық жасауға ұмтылған әйелді емдеу керектігі айтылады.

Аталған жайтқа қатысты Алматы қаласы полиция департаменті істің қолға алынғанын хабарлады.

«Қазір Әуезов ауданы полиция басқармасы аталған факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - делінген қалалық полиция таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, биыл Түркістан облысының тұрғыны 6 жасар баласын балталап өлтірген еді.

Сот үкімімен баласын өлтірген әкеге 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар
telegram