Алматыда «Балалық шақ -2009» атты көрме ашылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көрмеге қазақстандық компаниялар, сонымен қатар Ресей, Украина, Литва, Германия, Қытай және тағы да басқа жақын және алыс шет елдердің балаларға арналған тауарларды шығаратын және сатумен айналысатын кәсіпорындаы қатысуда. Шара ҚР Білім министрлігінің, қала әкімдігінің, ҚР Ұлттық тұтынушылар лигасының және Ресей Ұлттық Ойыншық шығарушылар қауымдастығының қолдауымен өтуде.
Көрменің мақсаты - балаларға арналған тауарлар нарығын жүйелеу, дамыту, сонымен қатар тұтынушыға тауарларды таныстыру болып табылады. Көрмеге ойындар мен ойыншықтар, балалар киімдері мен аяқ киімдері, кітаптар мен дискілер, бала тағамдары, кеңсе тауарлары, балаларға арналған жиһаздар және тағы да басқа тауарлар қойылған.
Көрме қыркүйектің 12-не дейін жалғасады.