19:48, 07 Маусым 2023 | GMT +5
Алматыда баланы балағаттаған трансгендердің үстінен іс қозғалды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ресейлік трансгендер кішкентай баланы балағаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматыда скейт-алаңдардың бірінде ресейлік трансгендердің кішкентай балаға балағат сөздер айтқан видеосы желіде тарады.
«Шетелдік танымал трансгендер Хилми банк картасын алу үшін келген және Алматыдағы скейт-алаңында баланы әдейі мазақтады. Ол сондай-ақ, Қазақстанды депрессияға ұшыраған ел деп атады», - делінген желідегі жазбада.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған оқиға бойынша тексеру жұмыстары басталғанын хабарлады.
«Оқиғаға құқықтық баға беріледі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады полициядан.