Алматыда «Балапан» бағдарламасы жоспардан асыра орындалуда - Серік Сейдуманов

АЛМАТЫ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматы қаласы бойынша биыл 15 балабақша салу жоспарланған.
None
None

Алайда, бүгінге дейін 16 балабақша қолданысқа беріліп, жоспар асыра орындалуда. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов бүгін журналистерге берген сұхбатында айтты.

«Бұрын КСРО заманында қаламызда 350 балабақша жұмыс істеген еді. Қазіргі уақытта оның саны 182-ге қысқарып кеткен. Ал халық саны керісінше көп ұлғайды. Бұл қиын мәселені тез арада шешу бір мемлекеттің қолынан келетін шаруа емес. Ал, соған байланысты қабылданған республикалық көлемдегі «Балапан» бағдарламасының үлкен бөлігін мемлекеттік жобалар құрап отыр», дейді С. Сейдуманов. Оның айтуынша, биыл Алматыда бір мектепте 1-ші сыныпқа қабылданған оқушылардың жалпы саны 23 сыныпқа дейін жеткен. Бұл бұрын-соңды болмаған оқиға.

Тек бүгіннің өзінде Алматы қаласында 2 бірдей балабақша пайдалануға берілді. Сонымен, Алматыдағы балабақшалар саны 184-ке жетіп отыр.

«Республикалық бағдарламадағы мемлекеттік жобалар бөлімі 4 салаға бөлінген. Ол бойынша жаңа балабақшалар салу, жекеменшікке кеткендерін қайтарып, жөндеуден өткізу жұмыстары қарастырылған. Сонымен қатар, жекеменшік және қалалық мектепке дейінгі даярлық орталықтарын ашу мен жаңа жекеменшік балабақшалар салу жоспарланған», дейді ол.

Соңғы жаңалықтар