Алматыда Балқашты сақтап қалу мәселесіне арналған халықаралық конференция басталды
АЛМАТЫ. Қазанның 11-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда «Іле-Балқаш бассейніндегі су ресурстарын ықпалдасып басқару: бірлескен шешімдер мен болашақ» атты екікүндік халықаралық конференция басталды.
Шараны БҰҰ-ның Даму бағдарламасы мен Еуродақтың «Орталық Азиядағы шакарааралық диалогы мен су ресурстарын ықпалды басқаруға ықпалдасу» атты бірлескен бағдарламасы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті, Еуродақ, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы кеңсесі мен Денсаулық пен экожобалауды күзету қызметі орталығының қолдауымен ұйымдастырған. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының кеңесшісі, жобаның ұлттық менеджері Әмірхан Кеншімовтың айтуынша шараның басты мақсаты - Іле мен Балқаш өзендерінің су ресурстарын пайдалану мен күзету мәселелерін талқылау, одан ары қарай дамыту тетіктерін қарастыру.
Кездесуде негізінен Қазақстан мен шекаралас елдер арасындағы ынтымақтастығының құқықтық мәселелері, өзен суларын пайдалануда заманауи технологияларды пайдалану, Балқаш-Іле бассейнінің экологиялық проблемалары негізгі әңгіме өзегіне айналмақ. Сондай-ақ ең негізгі мәселе ретінде «Балқашты сақтап қалуға бола ма?» тақырыбы талқылануда. Шараға Қазақстан, Қырғызстан мен Қытайдың су шаруашылығы саласы мамандары, ғалымдар мен сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.