Алматыда банк қаражатын заңсыз қолданғаны үшін кредит менеджеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
АЛМАТЫ. 4 наурыз. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті банк қаражатын заңсыз қолданғаны үшін екінші деңгейлі банк филиалының Б. есімді кредит менеджеріне қатысты қылмыстық іс қозғады.
Ол банктің қаражатын заңсыз қолданып, жанындағы адамдармен келісе отырып, қайтарымсыз кредит бергендігі үшін айыпталады. Ол банкке 63,5 миллион теңге залал келтірген.