Алматыда банк қызметкерлері арасындағы Спартакиадаға 300-ден астам адам қатысуда (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің стадионында «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту қалалық бағдарламасы аясында банк қызметкерлері арасында Спартакиада өтіп жатыр
None
None

Оған еліміздің бірінші деңгейдегі банкі - ҚР Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі банктер - «Казкоммерцбанк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Сбербанк России» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Капитал банк Қазақстан» АҚ, «Тенгри банк» АҚ, «Қазақстан эксимбанкі» АҚ, «Банк РБК» АҚ - барлығы 12 банктен 300-ден астам қызметкерлер қатысуда.

«Спартакиада «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтіп жатыр. Біздің басты мақсатымыз - қалалықтарды спортпен айналысуға тарту. Саламатты өмір салтын насихаттау. Сондықтан, біз қазір Алматыда апта сайын бұқаралық спорттық шаралар өткізіп жатырмыз. Бұл жерде әрине ведомствалық спартакиадалардың алар орны бөлек. Бұған дейін құқық қорғау органдары, медициналық қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Спартакиада өткізген болатынбыз. Бүгін мінеки, банк секторы саласында да ұйымдастырдық. Жыл соңына дейін балалар-жасөспірімдерге арналған бағдарлама аясында да қаладағы барлық 200-ден астам мектепті қамти отырып Спартакиада өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді журналистерге берген сұхбатында Алматы қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Байсейітов.

Ал, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматының 1000 жылдық мерейтойына арналған Спартакиада әдеттегідей қатысушы  командалардың көңілді шеруімен басталды. Командалар мінбер алдында сап құрып тұрған соң, тутұғырға Мемлекеттік Ту көтеріліп, Мемлекеттік Әнұран шырқалды. Бұдан кейін Алматы қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Байсейітов қатысушыларды спартакиаданың басталуымен құттықтады. Жарысқа 12 команданың қатысып жатқандығына ризашылығын білдіріп, корпоративтік спорттың ұжымды біріктіре түсетіндігін, жаңа жетістіктерге бастайтындығын айта келе, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спартакиада спорттың қол күрес, жеңіл атлетика (эстафета 50м*4), шағын футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және жағажай волейболы түрлері бойынша өтіп жатыр. Ұл-қыздардан құралған әр командада 20-дан астам ойыншыдан бар. Олардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмаған. Дегенмен, дені жастар. Әр команда мүшелерінің киген жейделері бір-біріне ұқсамайды. Осы Спартакиадаға арнайы әзірленген.  

Ал, Спартакиада одан әрі жалғасуда. Жайма-шуақ ауа-райы да жарыстардың көңілді өтуіне оң әсер етуде. Әдетте күні бойы есеп-қисаппен айналысатын байсалды кеңселік қызметкерлер бүгін ерекше көңілді. Жүздері бал-бұл жанып, стадионды жаңғыртып,  бір-бірін қызу қолдап, жарыстарға зор ықыласпен қатысуда. 

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар