Алматыда банкке ұрлыққа түскен ер адам ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда банк  бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 21 жастағы жігіт Талғар ауданының тумасы.

«Кешенді іздестіру шаралары нәтижесінде тергеу тобы күдікті адамды ұстады. Қазір одан жауап алынуда. Қажетті процессуалдық процестерден соң, ол ҚР ҚК-нің 128-бабына сәйкес ІІД-нің уақытша оқшаулау орнына қамалады. Аталмыш ер адамның бұған дейін кеңселерге 4 рет ұрлыққа түскені анықталды. Қазір оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», - деді Медеу аудандық ІІБ полиция бөлімінің басшысы Батырхан Бекқұлиев.

Айта кету керек, осыдан екі күн бұрын Райымбек даңғылында орналасқан екінші деңгейлі банктердің бірінің бөлімшесіне белгісіз адам қарақшылық шабуыл жасамақ болған еді . Ол банк мүлкіне қол сұға алмады.

Соңғы жаңалықтар