Алматыда барахолка базарынан тағы өрт шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «барахолка» базарында тағы контейнерлер өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқиғаның видеосы желіге шықты.

Алматы қалалық ТЖД мәліметі бойынша 26 тамыз сағат 08:37-де өрт сөндірілді. Өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, «Алмалы» базарындағы жанып жатқан контейнерлердегі өртті сөндірді. Өртенген аумақ 80 шаршы метр болды.

«Қабылданған шаралардың арқасында өрттің жақын маңдағы тауарлық-материалдық құндылықтары бар сауда қатарларына таралуына жол берілген жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер болған жоқ», - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері өрт болған жерді жедел қоршауға алды.

Еске салайық, бұған дейін «Байсат» базарында контейнерлер өртенген болатын.

Сондай - ақ, 12 тамызда «барахолка» аймағынан өрт шыққан еді. Москвин көшесіндегі қоймалар (кеңсе, ұялы телефон керек-жарақтары) өртенді. Өртті 120 адам сөндірді.

Соңғы жаңалықтар