Алматыда «Барахолка» маңында жанжалдасып қалғандардың кім екені анықталып жатыр - полиция
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Барахолка» базары маңында адамдар жанжалдасып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіге «Барахолка» базары маңында жанжалдасып жүрген адамдардың видеосы шықты.
«Барахолканың жанында түсініксіз жағдайлар болып жатыр. Бірнеше күн бұрын мұнда Москвин көшесінде үлкен өрт болды. Алматыда жыл сайын міндетті түрде базарлар өртеніп тұрады», - деп жазды желі қолданушысы.Аталған оқиға бойынша қалалық полиция департаменті Жетісу ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.
«Алдағы уақытта оқиғаға қатысқандардың кім екені анықталып, олардың іс-әрекетіне ҚР заңнамасына сәйкес баға берілетін болады», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Алматыда «Барахолка» базары маңынан өрт шыққанын хабарлағанбыз.