Алматыда баракта болған өрт салдарынан үш ересек адам және екі бала құрбан болды

АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Бес адам, олардың ішінде жаңа туған нәресте мен 4 жасар бала бар, Алматыда барак типтес үйдегі пәтерлердің бірінде болған өрттің құрбаны болды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Алматыда  баракта   болған өрт  салдарынан   үш  ересек  адам   және екі  бала  құрбан  болды

Ведомствоның ақпараты бойынша, «тамыздың 26-сы күні Алматының Жетісу ауданындағы Райымбек даңғылында орналасқан барак типтес 3 пәтерлі тұрғын үйдегі №3 пәтерден өрт шыққан». 70 шаршыметрге жайылған жалынды сөндіру кезінде бес адамның денесі табылып отыр, олардың ішінде нәресте мен 4 жасар бала бар.