10:58, 23 Қаңтар 2009 | GMT +5
Алматыда баскетболдан ерлер арасында Жоғары лига командаларының үшінші тур ойындары өтеді
АЛМАТЫ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ақпанның 4-8-і күндері баскетболдан ерлер арасында Жоғары лига командаларының ХVII Қазақстан чемпионатындағы 3-ші тур ойындары өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Армияшылардың орталық спорт клубының залында болатын бұл сайысқа 9 команда қатысады. Жарыстың алғашқы күні «Барстар-2» (Атырау) мен «Қазақмыс» (Сәтбаев), «Қазығұрт» (Шымкент) пен «Ертіс» (Павлодар), «Алматы-2» (Алматы) мен «Тобыл-2» (Қостанай), «ЦСКА» (Алматы) мен «Барыс» (Петропавл) командалары кездеседі. Үшінші турдың соңғы ойындары ақпанның 8-інде петропавлдық «Барыс» пен Сәтбаевтың «Қазақмыс», қапшағайлық «ТСМ» мен алматылық «ЦСКА» арасында өтеді. Бұған дейін ел чемпионатының 3-ші тур ойындары жақында Ақтауда болса, 2-ші тур өткен жылы желтоқсан айында Петропавлда, ал 1-ші тур қараша айында Павлодарда өткен болатын.