Алматыда баскетболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубогы жарысы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде  баскетболдан ерлер арасында Қазақстан кубогы жарысындағы «Астана» мен «КАТУ жолбарыстары» және  «Алматы» мен «Тобыл» командаларының кездесуі өтеді.

Алматыда баскетболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубогы жарысы өтіп жатыр

19 наурызда алматылықтардан 63:75 есебімен жеңіліс тапқан Астананың  «КАТУ жолбарыстары» кеше Қостанайдың «Тобылына» 44:93 есебімен ойсырай ұтылды. Ал  Атыраудың «Барыстарын» 110:69 есебімен жеңген «Астана» баскетболшылары бүгін енді өз жерлестерімен  шеберлік байқаспақ. 24 наурызға дейін созылатын бұл бәсекеде ертен «Астана» мен «Тобыл», «Алматы» мен «Барыстар» кездеседі.