Алматыда баскетболдан Ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының үшінші тур ойындары өтуде

АЛМАТЫ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда баскетболдан XVII Қазақстан чемпионатының Ұлттық лига командаларының ерлер арасындағы үшінші тур ойындары өтіп жатыр,

Алматыда баскетболдан Ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының  үшінші тур ойындары өтуде
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақпанның 4-інде жалауы көтерілген бұл жарыста 4 кездесу өтті. Онда Атыраудың «Барыстары» Сәтбаев қаласының «Қазақмысын» (98:91), Шымкенттің «Қазығұрты» Павлодардың «Ертісін» (89:71), алматылық «ЦСКА» петропавлдың «Барысын» (109:88) ұтты. Ал алаң иелерінің екінші командасы «ЦСКА-2» қостанайлық «Тобыл-2» спортшыларына 61:73 есебімен есе жіберді. Бүгін «Тобыл-2» мен «Қазығұрт», «Барыс» пен «ТСМ»( Қапшағай), «Ертіс» пен «Алматы-2», «Барыстар-2» (Атырау) мен «ЦСКА» ұжымдары баскетбол алаңында бақ сынайды. Жарыстың бас қазысы - халықаралық дәрежедегі төреші М. Никогосян. Турнирдің ақтық ойындары жексенбі күні «Барыс» пен «Қазақмыс» және «ТСМ» мен «ЦСКА» арасында өтеді.