Алматыда баспанасын заңсыз кеңейтпек болған тұрғын анықталды
АЛМАТЫ. КАЗИНФОРМ – Алматылық тұрғын мердігер компанияның көмегімен баспанасын кеңейтпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, тұрғын үй кешені тұрғындарының өтініштерін қарау кезінде 273 пәтердің иесі жобалау-сметалық құжатсыз, рұқсатсыз терассасының үстіне тағы екі қабат қосу үшін монтаждау жұмыстарын жүргізген.
«Басқарманың шешімі бойынша меншік иесіне қатысты шаралар қабылдады. Қазақстан Республикасы Әкімшілік Кодексінің 316 бабының 321, 463 тармағы бойынша 273 пәтердің терассасында орналасқан металл конструкцияларын алып тастау туралы сотқа арыз түсті. Қазіргі уақытта 273 пәтердің терассасындағы қондырғыны меншік иесі өзі бөлшектеп алып жатыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.


