Алматыда Батырхан Шүкеновке арналған пошта маркасы жарыққа шықты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Батырхан Шүкенов бейнеленген пошта маркасы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Батырхан Шүкенов атындағы қор атап өткендей , пошта маркасы # BatyrLetters акциясы аясында шықты.
Батырхан Шүкенов бейнеленген марканың 4 түрі бар. Оларды Қазақстанның кез келген қаласына тегін жіберуге болады.
Биыл Батырхан Шүкеновтің қайтыс болғанына бес жыл толды. Пошта маркасы әншіні еске алу мақсатында шығарылған.


