Алматыда Батырхан Шүкеновтың қатысуымен «Оқытушы» атты авантюралық комедияның түсірілімі аяқталды - БАҚ

АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Алматыда латвиялық және литвалық режиссерлер Виктор Вилкс пен Славомир Леонтьевтің жастар аудиториясына арналған «Оқытушы» атты авантюралық комедиясының түсірілімі аяқталды.

Алматыда Батырхан Шүкеновтың қатысуымен «Оқытушы» атты авантюралық комедияның түсірілімі аяқталды  - БАҚ

Бұл туралы бүгін «Экспресс К» газетіндегі «Факультет любовных отношений» (авторы - Ольга Храбрых) атты мақалада жазылды.

Басты рөлді Батырхан Шүкенов сомдады. Ол бұған дейін мұндай ұсыныстардан  бас тартқан болатын. Жобаның бастамашылары көремендерге кино қызықты әрі күтпеген тосын жағдайларға толы болады деп уәде беруде.

Комедия адамның махаббат сезімі итермелейтін қызықты жәйттер жайлы баянадайды. Фильмнің желісі бойынша жігіт сұлу қызға ғашық болады, оған ұнау үшін қыз оқитын университетке оқытушы болып жұмысқа орналасады. Біраз уақыт өткеннен кейін білім беру жүйесіне өзгеше көзқараспен танымал болған жас оқытушы факультеттің жұлдызыне айналады. Оның жолында әркез тосын жағдай күтіп тұрғанымен, құтылудың амалын тапқан оқытушы бұл жолы тұтылудың амалын таппайтын сыңайлы...

Кино продюсері Сино Ализода аталмыш комедияны түсіру үшін Голливудтың танымал режиссері Стивен Спилбегтің «Ұстай алсаң, ұстап көр» атты туындысынан шабыт алғандығын айтады. Фильмге кәсіби емес әртістер түскен.

«Оқытушы» атты студенттік комедия осы жылдың қараша айында көрермендермен қауышады деп жоспарлануда.