Алматыда Батырларға тағзым акциясы өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Екінші дүниежүзі соғысына қатысқан қазақстандық ардагерлерді еске алу мақсатында «Батырларға тағзым» акциясы 9 мамыр сағат 9:30-да басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда Батырларға тағзым акциясы өтеді

Осы уақытта Мәңгілік алауға гүл шоғын қою үшін орталық мәдениет және демалыс саябағынан 28 гвардияшыл-панфиловшы саябағына дейін қала тұрғындары жүріп өтеді.

Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов айтты.

«Алматыда гүл шоғын қою рәсімі, естелік іс-шаралар, ардагерлерге арналған мерекелік концерттер өткізіледі. «Жаужүрек полк» туралы айтатын болсақ, соған ұқсас Беларусьте «Беларусьтың есінде», ал Украинада «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деп аталатын акциялар өтеді. Бізде оны «Батырларға тағзым» немесе «Жаужүрек полк» деп атайды. Бұл күні соғыс ардагерлерінің ұрпақтары аталарының суретін Орталық мәдениет және демалыс саябағынан 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябаққа дейін алып жүре алады», - деді спикер.

Сонымен қатар, ол ел бойынша бұл акцияның Алматыда ғана офлайн форматта өтетінін тілге тиек етті.